Тақырыбы: Тармақталу операторлары.

Сынып: 8 «В»

Мерзімі:24.11.2014

Тақырыбы: Тармақталу операторлары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға тармақталу операторының жазу және жазылу жолдарымен таныстыру. Тармақталу операторларына программа жазу жолдарын және оларды блок-схема түрінде өрнектеуді үйрету.

Дамытушылық:Оқушыларға алгоритм және оператор ұғымын түсіндіре отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау кезіндегі компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, демонстрациялық, иллюстративті-түсіндірмелі, проблемалық.

Керекті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: сабаққа байланысты оқу-құралдары, деңгейлік тапсырмалар, Мултьмедиялық кестелер, слайд.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

§ Сәлемдесу.

§ Түгелдеу, сынып пен тақтаның тазалығына назар аудару.

§ Оқушылардың назарын сабаққа аударамын және олардың сабаққа керекті оқу-құралдарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.

§ Үй жұмысын тексеру. Компьютердің қосымша құрылғылары. Қосымша құрылғыларды орнату, драйверлер тақырыбын сұрау.

§ Тақырып соңындағы сұрақтарды қою.

1. Компьютердің қосымша құрылғылары?

2. Қосымша құрылғыларының қызметі?

3. Принтер және оның түрлері?

4. Плоттер дегеніміз не?

5. Ең көп тараған принтер?

6. Модемнің қызметі?

ІІІ.Жаңа сабақ.

§ Жаңа тақырыпқа кіріспе жіне оны түсіндіру кезеңі.

§ Жаңа білімді алғашқы тексеру кезеңі «Карточкалармен» жұмыс.

§ Үй тапсырмасы туралы мәлімет беру кезеңі.

§ Сабақты бекіту кезеңі.

§ Рефлекция кезеңі

Тармақталу операторы

Оператор дегеніміз – белгілі бір шамаларға жүргізілетін амалдардың орындалу жолдарын көрсететін нұсқау. Тармақталу операторы көрсетілген шартқа тәуелді құрамына кіретін операторлардың орындалуын (орындалмауын) қамтамасыз етеді.

Жазылуы: if then else; мұндағы оператор1, оператор2 – жай немесе құрама операторлар. Бұл оператордың жұмысы келесі суретте көрсетілген.



Мұнда логикалық өрнек болғандықтан ақиқат (true) немесе жалған (false) нәтижелерінің бірін ғана қабылдай алады. Осы нәтижеге сәйкес операторлар тобының біреуі таңдалып алынады. Шарт қатынас немесе логикалық өрнек түрінде жазылады.

Мысалы: if х=0 writeln ('оң сан')

Else writeln ('теріс сан').

шарт

Жалған Ақиқат

Оператор 2

Оператор 1

Соңы


1-сурет. Тармақталу операторы

Бұл мысалда х мәнінің 0-ден үлкен немесе 0-ден кіші екендігі тексеріледі, егер шарт орындалса, экранға х-тің оң сан, әйтпесе теріс сан екендігі туралы хабар шығады. Мұндағы then, else тармақтарының соң жазылған операторлар жай операторлар.

Тармақталу операторларында шарттар күрделі де болуы мүмкін. Күрделі шарт

логикалық амалдардың (and, or, not) көмегімен құрылады. Келесі мысалда

шарттың күрделі түрін және then, else тармақтарының соң орналасқан операторлардың құрмалас болып келуін қарастырайық. Сонымен қатар, тармақталу операторларының бірінің ішіне бірі сатылып орналасу жолдарының бір нұсқасын көрсетейік. Мысал. х, у сандары берілген. Егер осы сандар теріс болса, оларды модулдарімен алмастырамыз; біреуі ғана теріс болса, әрқайсысын 0,5-ке арттырамыз; екеуі де оң болса, оларды 10 есе арттырамыз.

Program M4;

Var x, y: real;

Begin Read (x,y);

if (x<0) and (y<0) Then

Begin

x: = abc(x);

y: = abc (y)

End

Else

if (x<0) or (y<0) Then

Begin

x: = x+0.5;

y: =y+0.5

End

Else

Begin

x: = 10*x

y: = 10*y

End;

Write (x:5:1, '':3, y:5:1)

End.

Мұнда ішкі және сыртқы тармақталу операторлары бағыттауышпен, осы операторлардың тармақталуындағы құрмалас операторлар шартты түрде фигуралы жақшалармен көрсетілген. Программада End қызметші сөзінен кейін қойылған ";" таңбасына мән беру керек. Бұл ";" тармақталу операторының соңын көрсетеді. ";" таңбасының дұрыс қойылмауы тармақталу жүйесін бұзады да, программада қате пайда болады немесе нәтижесін дұрыс табылуына кері әсер етеді. Түсінікті болу үшін осы программадағы тармақталу операторының жұмысын 19 суретте көре аламыз.

Тармақталу операторы кейбір жағдайда қысқаша түрде қолданылады. Жазылуы: if then .

Бұл түрде тармақталу операторы шарттың нәтижесі ақиқат болса, операторды орындайды да, жалған болған жағдайда if операторының соңына шығады. Операторлардың жұмысы схема түрінде 20 - суретте көрсетілген.

Мысал. Екі сан берілсін. Егер біріншісі санның абсолют шамасы екінші санның абсолют шамасынан артық болса азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

шамасынан артық болса азайту керек, әйтпесе екі санды да өзгеріссіз экранға шығару керек.

x<0

and

v<0


Жалған ақиқат


х : = abs (х); у : = abs (у);

х < 0

end

u < 0

Жалған ақиқат

х : = х + 0,5; у : = у + 0,5

х : = 10 * х; у : = 10 * у;

Соңы


Program M5;

Var x , y: real;

Begin Readin (x,y);

if abs (x) > abs (y) then x : = x / 5

Write (x,y)

End.

Практикалық жұмыс:
Берілген сан х нақты саны х>0 - ге тең болса, онда х - ті екіге арттыр, әйтпесе х - ті екі еселе.
Есептің программасы:
Program esep_1;
Var x, y: real;
Begin
Readln(x);
If x>0 then y:=x+2 else y:=2*x;
Writeln(‘y=’, y);
End. IV. Жаңа сабақты түсіну үшін «Ақпараттық диктант» орындаймыз.

Сұрақ

Жауабы

Тармақталған алгоритм дегеніміз не?

Қадамдардың тізбектеп орындалуы шартқа байланысты болатын алгоритм.

Тармақталу операторының толымды түрі

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, ELSE сөзінен кейінгі операторорындалады.

Тармақталу операторының толымсыз түрі

Егер шарттың мәні «ақиқат» болса, THEN сөзінен кейінгі оператор, ал мән «жалған» болса, тармақталу командасынан кейінгі операторлар орындалады

Егер

If

Онда

Then

Әйтпесе

Else

Сабақты пысықтау

Сабағымызды пысықтау үшін өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындаймыз. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Тест орындап болғаннан кейін оқушылар парақтарын бір — бірімен ауыстырып, тексеріп, бағалайды. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.

Тест сұрақтары

1. Алгоритмдердің есептегі белгілі бір шартқа тәуелді тармақталып бірнеше жолдарға бөліну тобын ….. деп аталады.

а) Сызықтық алгоритмдер

ә) Тармақталған алгоритмдер
б) Циклдік алгоритмдер

2.Қандай жағдайда тармақталу алгоритмі қолданылады?
а) Кейбір командалар бірнеше рет қайталанғанда

ә) Шарттарға байланысты
б) Кестелік функцияны есептеуге

3.Тармақталу операторының толымды түрі а)FOR — NEXT;

ә)IF — THEN — ELSE;

б)IF — THEN;

4.Тармақталу операторының толымсыз түрі

А)FOR — TO;

Ә)IF — THEN — ELSE;

Б)IF — THEN;

5.Шартты көшу операторының дұрыс нұсқасын көрсет

А)ifшарт then else

Ә)if thenшарт else

Б) ifшарт then else

6.IF сөзінің баламасы

А) егер

Ә)онда

Б) әйтпесе

7.THEN сөзінің баламасы

А) егер

Ә) онда

Б) әйтпесе

8.ELSE сөзінің баламасы

А) егер

Ә) онда

Б) әйтпесе

V- Рефлекция

VI - Үй тасырмасы

VIІ - Оқушыларды бағалау

Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 2 | Нарушение авторских прав

  • ВЫКОВАТЬ ЦЕНТРАЛЬНУЮ СИЛУ
  • Пути к обогащению
  • Сравнительная характеристика групп плательщиков единого налога
  • Можно ли использовать ЛСД как вспомогательное средство для медитации?
  • Тема 5. Интернационализация, транснационализация и глобализация мировой экономики. Интеграционные процессы и их влияние на развитие мировой экономики.
  • Medicine personal statement
  • IV. 29-49. Молитвы и уход Бхишмадевы
  • Универсальный журналист 13 страница
  • Определение типовой мощности трансформатора
  • Надо же, молчат, неужели нет ни одного деревенского мужика? Хотя и в деревне не мужики, а женщины занимаются грядками».
  • КАПИТУЛЯЦИЯ
  • Лорен Кейт Страсть (Падшие-3) 10 страница
  • Означення плазми. Квазінейтральність
  • Сидоров Г.А. - Хронолого-эзотерический анализ развития современной цивилизации (книга 4) 1 страница
  • Мудро решайте, нужно ли сражаться
  • Лекция 8. Личность и ее понимание
  • ВЫСТУПЛЕНИЕ НА ПРОЦЕССЕ В КАРЛСБУРГЕ ДОЧЕРИ СТЕПАНА БАНДЕРЫ НАТАЛЬИ 15 ОКТЯБРЯ 1962 ГОДА
  • Глава 23. Глаза Пэм были закрыты, волосы спутанными прядями разбросаны по плечам
  • Ирвин Ялом. Шопенгауэр как лекарство 3 страница
  • Глава 31. Йоши опустился на колени и коснулся лбом пола