Химиялық ағартқыштардың активаторлары

Соңғы 20 жылда төмен температурадағы ағартудың тиімділігін арттыру өзекті мәселеге айналды. Тұрмысқа синтетикалық маталардың енгізілуі, боялған тоқыма бұйымдарға сұраныстың өсуі, энегрия шығының (температура мен жуу уақыты) азайту – осы факторлардың барлығы жуу температурасын төмендетуді талап етеді. Европаның тұтынушылық нарығының талдауы көрсеткендей, 75% жағдайда боялған бұйымдар жуылып, жуудың басым бөлігі 30-60оС температураларда жүреді.

Бірақ 20-40оС аралығында пероксидті ағартқыштар тиімсіз. Оған қарағанда төмен ерітіндіде пероксоиндармен әрекеттесіп, температуралық ағартуда белсенділік көрсететін қосымша қосылыстар түзетін қосылыстар тиімдірек болады. Мұндай компоненттер ағартудың активаторлары деп аталады. Олардың ішінде жиі қолданысқа ие тетраацетилэтилендиамин (ТАЭД):

Сонымен қатар, әртүрлі катионды қосылыстар, мысалы, диацетилдиоксогексагидротриазин қолданылады.

Сілтілі ортада, қолмен және автоматтық кір жуғыш машинамын жуғанда перборат пен перкарбонаттың суда еру нәтижесінде пергидроксил анионы түзіледі. Бұл анион тиімді ағартқыш болғанымен, ол тек 60оС-тан жоғары температураларда ғана жеткілікті мөлшерде түзіледі. Бірақ ол кейбір қосылыстармен реакцияға түсіп, төмен температураларда тиімді ағартатын аниондар түзе алады, осындай қосылыстардың бірі – ТАЭД.

ТАЭД арқылы оттекті ағартудың химизмін қарапайым түрде келесі реакциямен көрсетуге болады:

Бір моль ТАЭД екі моль пергидроксил анионымен әрекеттесіп (нуклеофильді шабуыл), екі моль тиімді перацетат анионы мен бір моль қосымша биоыдырағыш өнім – диацетилэтилендиамин (ДАЭД) түзіледі. ДАЭД молекуласындағы қалған екі ацетатты топ кір жуу жағдайында алмаспайды. Сілтілі ортада пергидролиз реакциясы 20оС-тан аз температураларда да жылдам жүреді.

Осылайша, кір жуғыш ұнтақтың рецептурасына пероксидті ағартқыштармен қатар ТАЭД енгізу арқылы ағартқыш агенттің табиғатын өзгертуге болады. Перацетат-ион активті оттегін төмен температураларда бөлгендіктен, ағартқыш тиімділігін төмен температураларда көрсете алатын СЖҚ пайдалануға болады.

  • Тайна числа Семь
  • Разум вашего новорожденного ребенка. Изучение и запоминание 57
  • ДЕВЯТНАДЦАТЫЙ АРКАН: СОЛНЦЕ
  • Сьюзен Коллинз И вспыхнет пламя_2 11 страница
  • Решение задачи
  • Rationale and overview of our proposed research.
  • Методика обследования стопы
  • Прочие методы лечения ишемической болезни сердца
  • Порядок организации прохождения.
  • Задача № 52.
  • Тема: ПРОФИЛАКТИЧЕСКИЕ ПРИВИВКИ
  • К 1 января 1943 г. подготовка к операции была в основном завершена.
  • Выполнять ли предписание «Торговым агентам вход воспрещен»?
  • С РЕЧЕВЫМИ НАРУШЕНИЯМИ
  • I. Загальні положення
  • Задания. 1. В средствах массовой информации периодически появляются суждения о необходимости
  • Введение. Введение стр.3
  • Международные отношения Киевской Руси в XI—XIII веках
  • Призрачно все в этом мире бушующем, 25 страница
  • В среднем период выделения вируса гепатита А составляет 14-21 день. Дети могут выделять вирус гепатита А на протяжении нескольких месяцев после появления клинических проявлений заболевания.