Сталық балғалар

Металдарды шабу кезінде екі түрлі балғалар қолданылады: соғатын бөлігі дөңгелек және квадрат пішінді. Балғаның негізгі сипаттамасы оның салмағы болып табылады. Металдарды шабу үшін салмақтары 400-600 г балғалар қолданылады. Балғалар көбінесе аспапты көміртекті болаттардан дайындалады. Балғаның жұмыс бөліктері (дөңгелек немесе квадрат соғатын бөлігі және сына тәрізді екінші жақ бөлігі) термиялық өңдеуден өткізіледі. Балғаларды ағаштардың қатты түрлерінен(қайың, емен, қара ағаш, тобылғы және т.б.) және синтетикалық материалдардан дайындалған саптарға бекітеді. Саптардың көлденең қимасы сопақ, овал тәрізді және бос ұшына қарай жуандайды. Олардың кіші көлденең қимасының үлкен көлденең қимасына қатынасы 1:1,5 тең.

Саптың балға отырғызылған ұшы ағаш немесе металл сыналармен бекітіледі.

Металдарды шабу кезінде денені дұрыс ұстаудың (жұмыс істеушінің денесі мен аяғын ұстауы), кескіш аспаптарды дұрыс ұстаудың және балғамен соғуды орындау техникасының маңызы зор.

Балғамен соғу кезінде дененің ауырлық центрі тұрақты болуы керек. Ол үшін жұмыс істеушінің денесі тік және қысқыш осіне 45 о шамасында жартылай бұрылып, табандарының ось сызықтары 40 о болатындай сол жақ аяғы жарты қадам алға қарай тұруы керек (6.2 сурет, а, г).

Шапқыны оның соғатын бөлігінің шетінен 15-20 мм төмен, ортаңғы бөлігінен ұстау керек. Шапқының кесу жиегі жаңқа алынатын сызыққа (кесу сызығы)қойылады.

Шапқының бойлық осі өңделетін металдың бетіне 30-35 о бұрышпен, ал қысқыштың бойлық осіне 45 о бұрышпен орналасқаны дұрыс (6.2 сурет, б, в).

Балғаны, оның сабының шетінен 15-20 мм төмен, оң қолмен ұстайды. Балғаның сабын барлық саусақтармен қатты қысып, шапқының соғатын бөлігінің тең ортасынан қатты соғу керек.

Балғамен соғуды орындау білектің, шынтақтың немесе иықтың көмегімен болуы мүмкін (2- сурет, д, е, ж).

Білектің көмегімен соғу кезінде балғаны серпу тек оң қолдың білегі арқылы іске асады. Мұндай соғу тек металдарды өте дәл шабу немесе жұмсақ металдың жұқа қабатын алу кезінде қолданылады.

Шынтақтың көмегімен соғу кезінде оң қол шынтақтан бүгіледі. Қатты соққы алу үшін оны тез жазады. Бұл әдіс шабу кезінде өте жиі қолданылады.

2- сурет – Шабуды орындау техникасы:

а - жұмыс істеушінің денесін ұстауы; б - шапқының өңделетін бетке көлбеулігі; в - шапқының қысқыштың бойлық осіне көлбеулігі; г - жұмыс істеушінің аяқтарының орны; д - білектің көмегімен соғу; е - шынтақтың көмегімен соғу; ж - иықтың көмегімен соғу



Иықтың көмегімен соғу кезінде жұмысқа оң иық және оң қолдың білегі қосылады. Бұл әдісте, балғаны жоғары қатты серпіп қайта түсіргенде, соққының күші ең көп болады. Иықтың көмегімен соғу металдардың қалың қабатын шабу үшін қолданылады.

Соққының күші жұмыстың түріне сәйкес болуы керек және балғаның салмағы мен сабының ұзындығы ескеріледі. Балғаның салмағы ауыр және сабы ұзын болса, соққының күші де көп болады.

Қысқыштарда металдарды шабу үшін берік және салмақты қысқыштар қолданылады. Шабу қысқыштың бетімен бірдей немесе одан жоғары деңгейде жүргізіледі. Қысқыштың бетімен бірдей деңгейде жұмсақ, жіңішке, қалыңтыр металдар, ал одан жоғары дейгейде жалпақ бетті дайындамалар шабылады. Морт материалдарды (шойын, қола) шеті жарылып, сынып кетпес үшін, шетінен ортасына қарай шабады. Шабудың соңында балғаның шапқыны соғу күші азайтылады.

Металл бетінің қалың қабатын бірден түгелдей шабуға тырысудың қажетті жоқ. Ол біріншіден көп уақытты алады, ал екіншіден шабылған беті тегіс болмайды, брак болуы да мүмкін. Мысалы, қалыңдығы 4 мм қабатты екі рет 2 мм-ден шабуға болады.

Металдарды шапқымен шауып бөлу металл төстің немесе плитаның үстінде жүргізіледі. Бұл кезде шапқы вертикаль бағытта қойылады. Шабу кезінде шапқыны жылжытқанда, оның кесу жиегінің шамалы бөлігі шабылған ойықта қалып отыруы керек. Сонда шабылған бет тегіс болады.

Металдарды шабу кезінде кескіш аспаптар мұқалып, өтпей қалуы мүмкін. Соңдықтан, оларды қайрап, қалпына келтіріп отыру керек. Қайрау кезінде кескіш аспаптардың кесу жиектері қатты қызып кетпес үшін, оларды қайраққа немесе ажарлау шеңберлеріне күшпен қысып жақындатуға болмайды. Сол сияқты, қайралатын бөлігін 5 % сода бар суға әлсін-әлсін суытып отыру керек.

Кесу жиектерінің қайралу бұрыштары 70 о, 60 о, 45 о және 35 о ойықтары бар арнаулы шаблондардың көмегімен тексеріледі.

Металдарды шапқымен немесе крейцмейсельмен шабу кезінде келесі техника қауіпсіздік ережелерін орындау керек:

- қорғағыш көзілдіріктерді пайдалану;

- қолды балғамен ұрып алмау үшін (әсіресе жаңа үйрену кезінде) шапқыға сақтандырғыш резина шайбасын кигізу қажет;

- қатты және морт материалдарды шабу кезінде жұмыс орнын арнаулы торлармен немесе қалқандармен қоршау керек;

- тек жұмысқа жарамды аспаптармен жұмыс істеу керек.

  • ВОЛШЕБНАЯ ПАСТУШЬЯ СУМКА
  • Запишите слово, пропущенное в схеме.
  • Тит Лукреций Кар. О природе вещей 14 страница
  • Цимбелин. Мой взор винить нельзя -
  • Интернет - источники
  • JL JL Афанасьев Н.Б.Островский С.МЦукерберг 14 страница
  • Чрезвычайному и Полномочному
  • Причины увеличения производительности труда и порядок, в соответствии с которым его продукт естественным образом распределяется между различными классами народа 1 страница
  • Часть первая 5 страница
  • 7 страница. Уже в дверях он приобнял Марию, прижал её к себе и прошептал:
  • БИЛЕТ № 1. 1. При какой неисправности запрещена эксплуатация самоходной машины?
  • Отчет по учебной работы
  • Библейское основание
  • Мы постоянно стремимся к успеху, которого добиваемся путём ежедневного улучшения качества услуг. Деятельность компании ASKOV связана с предоставлением услуг клиентам, которые в любое время могут
  • Введение. Теперь, когда у нас есть общее представление о том, что такое управление и как
  • Задания. 1. Определите проблемы пациента; сформулируйте цели и составьте план сестринского
  • Континуум
  • Воспаление горла (фарингит)
  • Загальні вимоги до організації спостережень за забрудненням атмосферного повітря
  • Задания на практическую работу