Абықшалы іргетастар.

Қабықшалы іргетастар келесі жолмен орналастырылады. Қабықшалы темірбетон түрінде құбыр диаметрі 0,8...3м қуатты вибро(молот)көмегімен немесе төмен ағымды вибротүсірілімдер топырақтың 3...6м тереңдігіне түсіріледі. Содан соң қабықшаны бұрандамалар көмегімен өсіреді. Бұндай жағдаймен қабықшалар 30м тереңдікке орналыстырады. Қабықшаны енгізуде топырақты Эрлифт немесе гидроэлеватор көмегімен шығарады. Темірбетонды звеньяны қабықшада ұзындығы 6...10м тереңдікке орналастырады. Олар спираль бойымен сырықтар көмегімен арматураланады. Агрессивті ортаға қабықша түскенде оның жарықтанудан сақтау үшін қабықшаны міндетті түрде алдын ала кернеулеп арматуралайды. Қабықша қабырғасы маркасы М400 болатын бетонмен бетондайды, қабырға қалындығы 12...20 см. Жобалық белгіге жеткен соң бұрғылау жұмысын бастайды, шұңғыманы бетонмен толтырады. Қабықшаны бетонмен толтыру жұмысы келесі кезеңдермен құралады. 1-ші кезеңдеҚойырт пақты сулы бетондацмен жойып, бетонды қоспаны ұзындығы 2...5м жатқызады.

Екінші кезеңде қабықшадан суды шығарып, бетондық қоспаны құрғақтап жағады. Қабықша тірекшелі іргетастың негізгі бөлігі болып саналады. Топтама көмегімен ол арматурамен біріктіріледі. Ірге тастығ топтамасы үзін немесе қысқа болуы мүмкін. Қысқа топтаманы – горизанталь күштердің болмауынан немесе бұл күштің аз мөлшерде болуынан қолданады, ал ең үлкен көлемдегі горизанталь күш немесе иілу күштері бар кезде – ұзын топтамалар қолданысқа түседі.

Қабықшалы ірге тастың басты кемшілігі – егерде көп мөлшерде толқулар пайда болып қалса, онда толтырма әсерінен ірге тастын толқу радиусы жүздеген метр арақашықтықта жүріп өтеді, сол сепебті бұндай ірге тасты қала ішінде қолдануға рұқсат етілмейді.

Түсірілмелі құдықтармен тік төбе остықтар (кессондар). Түсірмелі құдықтар ірге тасы көбінесе жер асты ғимараттар үшін қолданысқа түседі. Олар: сорғы станциялары, суқабылдағыштар, донна пештер, үздіксіз болат құю қондырғылары, жер асты гараждары, көпірдің ірге тасы тіректері және т.б.

Түсірілмелі құдықтың құрылғысы мынадай. Топырақ бетіне ең бірінші белгілі бір биіктікте құдықты қалау орындалады, содан соң ішкі бетінде топрақты өңдейді. Кейін құдықты өз салмағының ықпалымен өңделмеген топраққа енгенге дейін түсіреді. әрі қарай құдықтың қалауын өсіріп, бұл жұмысты бірнеше рет қайталайды. Бұл жұмысты әлсіз топрақтың қалыңдығы мен құдық жоба белгісінің тіреу мөлшеріне жетпей орындала береді (сурет 6.1).

Түсірмелі құдықтың диометрі 6...45м және тереңдігі 40...45 м дейін жетеді мұндай іргетасты қолдану негізінен қазаншұңқырдың қабырғасын бекітуді қажет етпейді, жер асты жұмыстың көлемін азайтып, матирал шығыны кәдімгі іргетастармен салыстырғанда әлде қайда төмен. Түсірмелі құдықтар былай бөлінеді: 1) құдық формасы – шеңбер, тік бұрышты квадрат және дөңгелекті шетжақ қабырғалы (сурет 6.2).



Сурет 6.1 Құдықтың кезеңдері:

А) құдықтың астыңғы бөлігін топырақ бетіне орналастыру;

Б) грейфер көмегімен топырақты қазып алу ;

В) құдықты бетонмен толтыру

Сурет 6.2 Пландағы түсірілмелі құдықтардың пішіндері

А –шеңберлі; б- квадрат; в-тікбұрышты; г-дөңгелек қырлы қабырғамен

1-қабырға; 2-шұңқыр; 3-көлденен қабырға

Келтірген нұсқалардың көп қолданысқа түсетіні шеңберлі формасы, өйткені бұл жағдайда құдық қалаулы топырақтан өте жақсы әсер –қысымды алады, сонымен бірге қабырға астында бірқалыпты түрді қабылдайды. 2) материалы бойынша-темірбетонды, бетонды металды, тасты және кірпішті; 3) қима бойынша –көбіне баспалдақты құдық, бұл формадағы құдық үйкелу күштерін төмендетеді. Құдықтың төменгі бөлігіне пышақ орналастылылады. Пышақтың қолданылуы –құдық қабырғасындағы топырақты қысу жұмыстарын жеңілдетіп, қауіпті жағдайларда қалауды қарғайды. Түсірмелі құдықтың пышағы көбінесе темір бетоннан, яғни арматураланған темір бетоннан жасалады.

Құдықтағы топырақ әр түрлі жолмен өңделеді, бұл әрине құрылыс алаңының инженерлі – геологиялық талаптарына тәуелді болады. Бұл жұмыс үшін көбіне грейферлер мен бульдозерлі экваватар, эрлифтер қолданылады. Жер асты суының көп көлемдегі мөлшерлерін айдау (сору) жұмысын –грейферлер мен эрлифтер көмегімен іске асырады.

Түсірмелі құдықты орналастырудың рацианалдық тәсілі бұлтиксотропиялы көйлекке түсіру. Бұл әдіс балшықты тиксотропты ерітіндімен толтырылады, ерітінді деңгейі әрдайым жер бетінен ( 0,5м) биік болып табылады. Бұл үшін құдықтың айналысына форма орналастырады, оның биіктігі 1м дейін металл немесе тақтайдан орындалады.

Тиксотропиялы көйлекті қолдану –құдықтың қабырға бөлігіндегі топырақтың кедергісін азайтады. Сонымен қатар, түсіндірмелі құдықтың қабырға қалыңдығын кішірейтіп, құрастырмалы немесе монолиті құрастырмалы конструкцияларды қолдануға мүмкіндік туғызады. Құдықтың құрастырмалы нұсқасы цилиндрлі формадағысы көп кездеседі.

Конструкциясы құрастырмалы элементтерден тұратын барлық құдықтарды былай 3 топқа бөлуге болады: жіңішке қабырғалы қисықсызықты қабықша, біртұтас тегін панель және кезекті блок. Қабықша мен панельден құралатын құдықтың құрылғыларының диометрлері 6...8м, ал тегіс блоктан құралатын құдық құрылығыларының диаметрлері d= 7...37м, тереңдігі 30м дейін, қалыңдығы 0,25...0,7м, ал пыщақты бөлігі-монолитті темірбеттоннан, қабырғаларын –жіңішке қабырғалы блоктан жасалады. Габаритті өлшемді мұндай құдақтардың диаметрлері 24....42м, орналасу тереңдігі – 40м дейін, қабырға қалындағы 0,9...2,1м.

Түсірілмелі құдықтардың жобасы 3 кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде – конструктивті элементтердің геометриалық өлшемдері беріліп, олар беріктікке есептеледі; екінші – құрылыс алаңының геометриалық және гидрологиялық талаптарын белгілейді; үшінші кезеңде қабылдап алынған өлшемдерді орналастыруға және қалқып шығуға сәйкес келетін есептерді сынақта тексеру; нәтижесінде алынған өлшемдерді беріктікке тексереді.

Құдықты орналастыруға енгізгенде, оған әсер ететін жүктемелер : құдық қабырғасына әсер ететін топырақ қысымы (топырақтың активті қысымы) Е ,құдық пышағына түсетін топырақтың реактивті қосымша р және құдықтың өз салмағы G. Сонымен бірге, құдықтың сыртқы қабырға бетіне әрбір горизонтальді жазықтыққа әсер ететін бірқалыпты қысым.

Ляме фрмуласы бойынша құдықтың ішкі қабырға жазықтығының вертикальді қима бойымен түсетін қысу кернеуі.

, (6.1)

мұнда:

Rk – құдықтың сыртқы радиусы;

Ргр – топырақ қысымы немесе болшақты тиксотропиялық ерітіндісінің қарастырылып отырған тереңдігінің қысымы;

Чк – құдықтың ішкі радиусы.

Бұл формуладан алынған Р сж материал кедергісінің есебінен салыстырылады. (6.1) формула бойынша құдықтың керекті қабырға қалыңдығын анықтауға болады, егер ол былай берілсе:

. (6.2)

Егер қабаттардың орналасуы горизонталь бағытта болмаса, онда сейсмикалық жүктемелер әсерінен топыраққа түсетін қысым бір қалыпсыз болады да оның бірқалыпсыз коэффицентін анықтау талап етіледі.

Тік төбе ойықтар да (кессондар) түсіруші ғимараттар санына кіреді. Түсіндірмелі құдықпен салыстырғанда тік төбе ойықтардағы суды шығару (сору) қысымды ауа көмегімен іске асады. Кессонның негізгі жұмыс істеу бөлігі –камера, оның ішіне жұмысшылар мен инженерлер (персоналы) ұжымы кіре алады.

Жұмысшы камераның қысымы түрілетін тік төбе ойықтың қысымына қарағанда әлде қайда үлкен, бұл әдіспен топырақ суының көлемін бірқалыпты ұстап және оның жұмысшы камераға керуіне (енуіне) жол бермейді. Жұмысшы камераның үстінен шахтаны орналастырады, ал шахта үстіне шлюзды аппаратты орналастырады.

Кесонда қауіпсіздік жағдай тек қана ауаның сейілуінен туады. Тік төбе ойықтың максималды ену тереңдігі 35...40м

«Топырақтағы қабырға» («стена в грунте») типіндегі іргетас. Үлкен қалалардың жерасты кеңістікті игеруі көптеген прогросивті жерасты ғимараттарды салумен көзге түседі. Бүгінгі күн елімізде және шет елдерде практика жүзінде жаңа «топырақтағы қабырға» әдісі қолданыста жүр.

Бұл әдістің негізі –топрақтағы ор құрылғысы, әр түрлі конфигурация жоспарындағы қазулар, тұрақтылық қасиеттерімен сипатталады. Топырақты орды өңдегеннен кейін, оның ішін монолитті бетонмен, құрастырылмалы элементтермен, әртүрлі балшықты цементтік қоспалармен толтырып, нәтижесінде жүк көтергіштік, жабу конфигурациялары мен фильтырге қарсы жабдықтар пайда болады. «Топырақтағы қабырға» әдісіне кіретін негізгі конструкция түрлері.

Кәдімгі іргетасты ашық қазаншұңқырларда орнату әдісімен салыстырғанда «топырақтағы қабырға» әдісінің көптеген айырмашылығы бар: жер асты жұмысының көлемі 5...6 дейін азаяды, болатты шпунт пен прокатты пішін қолданылмайды, топырақ пен қабырға арасындағы ор азаяды.

Бұл типтегі іргетастың салыну, өңделу пайызы 50% басқалармен салыстырғанда азайтылып, монолиттен құрастырмалы – монолитті және құрастырылмалы түрде орныдалады. Егер «топырақтағы қабырға» монолитті не болмаса балшықты ертіндіден болса, онда оған (іргетасқа) бетон төселеді. Көп өлшемді туннельдер мен үлкен жүктемелер болса, онда бұл элементтерге темірбетон қарастырылады. Жер асты су деңгейі жоғары деңгейде және гидроизоляциялық қабаттар үшін туннельге қосымша әрлеу жүргізіледі. Құрастырмалы конструкцияларды қолдануда бетонды төселуде ор (траншея) ішіне дайын темірбетонды біртұтас қималы немесе кеуекті панельдер қолданылады.

Орды өндеуде қолданысқа түсетін машиналар мен жабдықтар құрылыстың инженерлі – геологиялық шарттары мен жұмыс көлемі талаптарымен қанағаттандырылады. Ең көп қолданылатындары қатты штангасы бар грейфер немесе оны экскаватордың садағына іледі. Сонымен бірге роторлы экскаватор, гидромеханизацияланған ор қазушылар, штангты – ұру бұрғылары бар жабдықтар қолданылады. Үлкен көлемдегі жұмыстарды жүргізетін жер қазу құрылғыларының бірі БМ – 05/50-2м машинасы, ол кесу штангасымен жабдықталған, ол ордың тереңдігін 50 м дейін және қалыңдығы 0.5 м дейін қазады. Ал басты құрылыс жұмыстарын СВД – 500 Р машинасы орындайды, өйткені ол орды тереңдігі 50 м дейін, ал қалыңдығын 0.7 м дейін қазады. Аз көлемді жұмыстар үшін циклді құрылғылар қолданылады. Бұндай машиналарға екі ауызды канатты грейфер мен ауыздықтары гидравликалық цилиндрден жасалған электрогидравликалық грейфер жатады. Олар ордың тереңдігін 30 м дейін, ал қалыңдығын 0,6...0,8 м дейін қазады. Топырақтағы қабырға іргетасының есептері келесі түрдегі күштерге орындалады: 1) қабырғаны бетондау мен орды бетондаудағы топырақ қысымының тойтарысы; 2) топырақ салмағынан түсетін қабырға қысымы мен оның бетіне түсетін уақытша жүктеме; 3) топырақ суына түсетін гидростатикалық қысым пайдалану жүктемелері. Беріктікке есептеген жағдайда қабырға, оның конструкцияға әсер етуін анықтап, конструкцияның серпімді иілгіштігін қоса есепке (Жемочкина Б.Н әдісімен) алу керек.

Негізгі әдәбиет: 1 [221 - 230], 2 [232 - 244]

Бақылау сұрақтары:

1. Өте тереңде орналасатын іргетастың айырықшылықтары басқалардан неде?

2. Қада – қабықша деген не?

3. Түсірмелі құдықты іргетастарды қалай орналастырады?

4. Түсірмелі құдықтар пішінді планы, материалы және қимасы бойынша қалай бөлінеді?

5. Қандай құрастырмалы элементтерден түсірмелі құдықтар жасалады?

  • В ком есть страх, в том есть и бог.
  • «Финансист» — первая книга «Трилогии желания» выдающегося американского писателя Т. Драйзера (1871–1945). Роман начинается с юношеских лет американского капиталиста Фрэнка Каупервуда и заканчивается 21 страница
  • Это займет всего несколько минут.
  • Любовь даже сильного человека ставит на колени... Конноли
  • Чем больше вас знают, тем шире сфера вашего влияния на нужных людей
  • Глава восьмая. Совы и аристократия
  • Обратная связь.
  • Стаття 334. Гарантії для працівників на час виконання громадянських, державних та громадських обов’язків
  • ЗАНЯТИЕ 2.
  • ВОПРОС XXXVII
  • ГРУПА №_________ 5 -й РІК ЖИТТЯ МОЛОДШИЙ ДОШКІЛЬНИЙ ВІК МІСЯЦЬ БЕРЕЗЕНЬ
  • RSC Сompany. Rodionov Catering
  • Методика оценки стоимости недр
  • V2. Тема 2.6. Обсуждение последствий вердикта и вынесение приговора. Виды решений, принимаемых судьей
  • Пленка электронагревательная инфракрасная" Heat Eco" GREEN( Ю. Корея )
  • ВЕДОМОСТЬ ОБОРУДОВАНИЯ И ОСНАСТКИ
  • Тема наших занятий_- гипноз. Мы могли бы тут же затеять спор, есть ли вообще такая вещь, а если есть, то в каком смысле это понимать. Но раз уж вы уплатили деньги и пришли сюда на семинар по 5 страница
  • Их структурной схеме
  • Вас было более шестидесяти миллионов 14 страница
  • Оттеснение от кораблей